$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Дубайда жол сұраймын деп басы бәлеге қалған қазақстандық жазаға тартылмақ

AstanaTV
19.05.2015ж. 10:00
998
Дубайда жол сұраймын деп басы бәлеге қалған қазақстандық жазаға тартылмақ

Дубайда полицей-келіншекке абайсызда қолы тиіп кеткен отандасымыз, енді өз жазасын темір торда өтейтін болды. 49 жастағы қазақстандық үш айға бас бостандығынан айрылып, 550 доллар айыппұл төлейді. Eturbonews-тің хабарлауынша, сот шешімі шыққаннан кейін ол өз еліне депортацияланады. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Дубай соты оны әмірлік полицейінің ар-намысына нұқсан келтірді және тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті деп айыптаған еді. Бұл оқиға былтырғы жылдың 4-желтоқсанында болған. Сол кезде жергілікті ақпарат құралдары Қазақстан азаматы тәртіп сақшысына қол жүгіртті деген қауесет таратты.  Алайда, қазақстандық тәртіп сақшыларына полицей-келіншектен сауда орталығына қалай баруға болатынын сұрамақ болғанын айтқан.

Еркін КАРИН