Астанада аралас жекпе-жек бойынша «Көшпенділер шайқасының» бесінші турнирі
өтеді. Білекті батырлар "шайқасы" 3 шілдеге жоспарланған. Шара
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтеді.
Қазіргі күні ММА аралас жекпе-жек өнері - әлемдік деңгейде кең дамып келе жатқан спорт түрі. Аралас жекпе-жекті
тамашалаушылар саны да қарқынды өсуде. Қазақ хандығының 550 жылдына
арналғандықтан федерация кәсіби турнир бағдарламасында және сайыста түрлі
ұлттық символикаларды пайдаланбақ. Жарысқа ТМД кеңістігіндегі және халықаралық
деңгейдегі белгілі спортшылар қатысады. «Көшпенділер шайқасын» халықаралық спорт арналарынан көрсету жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл сайыс
еліміздің тарихы мен өнерін танытудың бір тәсілі дейді.
Берік ХАСЕНОВ