$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оңтүстік Қазақстанда бала саудасымен айналысқандар 15 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
03.06.2016ж. 20:00
1818
Оңтүстік Қазақстанда бала саудасымен айналысқандар 15 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда сәби саудасын ұйымдастырған екі дәрігер 12 жылдан 15 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен брифингте айтылды. Олардың ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр.

Акушер-гинеколог пен бөлім меңгерушісі ұзын саны 21 нәрестенің өмірін саудаға салған деп айыпталып отыр. Құзырлы органның дерегінше, олар бұл іспен 2010-2013 жылдар аралығында айналысқан. Сегіз айға созылған тергеу нәтижесінде бала саудасына қатысқандардың саны алты адамға жеткен. Оның екеуі өткен жылы бес жылға сотталды. Олар қызметі үшін 150 мың теңге мен 3 мың АҚШ ақшасы шамасында табыс тауып отырған. Бұл іске қатысы бар тағы екі күдіктінің ісі сотта қаралып жатыр, деді прокурорлар.

Нұрлан Көлбаев, ОҚО прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының аға прокуроры:

Бір азамаша ол облыстық АХАТ бөлімінде жұмыс атқарған. Ол жалған құжаттарды қабылдап, жалған құжаттарды дайындап, асырап алушы аналарына дайындап беріп отырған, сыйақы үшін. Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша тағы бір бізде күдікті ретінде танылған азаматша, ол да бірнеше бала сату ісіне қатысты қылмыстық іс. Ол іс те қазіргі уақытта біздің кәмелекте толмағандардың істері бойынша арнайы сотқа жолданды.

Прокурорлардың дерегінше, тағдыры саудаға салынған балалардың 90 пайызы аурушаң болып туылған. Олардың қазіргі отбасында қалу, қалмауын да сот шешетін болады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ