Ұлттық
бірыңғай тестілеудің алғашқы күн қорытындысы бойынша Алматы қаласының түлектері
рекорд орнатты. Мұнда 3 бірдей түлек 125 балл жинаған. Бұл туралы Білім және
ғылым министрілігінің сайтында жарияланды.
4 мыңдай оқушының ұпайы 100-ден
асады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Есесіне, 2277 оқушы жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін
50 балды жинай алмаған. Сондай-ақ, тәртіп бұзған төрт оқушының сынақ нәтижелері
жойылды. Ал бүгін Орал қаласында 67 түлектің тест өтіп жатқан ғимаратқа ұялы
телефон алып өтпек болғаны анықталды. Ал жинаған балымен келіспегендер тестілеу
орталығын торып, апелляциялық комиссияға жүгінбек.
Асқар
Аманбаев, Ұлттық тестілеу орталығы
филиалының жетекшісі:
Қазіргі
таңда 50 кісі жиналып тұр. Соның жиырма шақтысы апелляция комиссиясының
қорытындысынан өтті. Көбі өздерінің қателескенінен болып, қанағаттанып шықты. Бірақ
кейбірінің өтініштері мазмұнына байланысты республикалық апелляцияның
қарастыруына жіберіліп жатыр.
Еркін КАРИН