$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Әлемдегі күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы биыл 6 маусымға сәйкес келді

AstanaTV
03.06.2016ж. 20:00
2058
Әлемдегі күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы биыл 6 маусымға сәйкес келді

Қасиетті Рамазан айы биыл 6 маусымнан бастау алмақ. Яғни алдағы дүйсенбінің таңынан күллі мұсылман баласы ораза тұтып, 5 парыздың бірін орындауға кіріседі. Бүгін Алматыда бас мүфти мен имамдар жамағатқа дәстүрлі үндеулерін жария етті.

Сауап еселенетін бұл айда діндарлар халықты ораза тұтып қана қоймай, қайырымдылық жасауға да шақырып отыр. Биылғы Рамазан келер айдың 4-іне дейін жалғасады. Қадыр түні шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні болады. Ал 5-сінен бастап 3 күнге жалғасатын ұлық Айт мерекесі тойланады. Оған дейін пітір садақа берілуі тиіс. Оның мөлшері биыл адам басына 200 теңге. Қазірден бастап елдегі мешіттерде оразаның сауаптары мен оны ұстау тәртіптері түсіндіріліп жатыр. Бас мүфти мұсылман қауымын ысырап жасамауға, ауыз ашар дастарханын жаярда өзгемен жарыспауға шақырды.

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы бас мүфти:

Дастарханға жеміс-жидек те, конфеттер де және басқа нәрселер де қойылып кетті. Осы нәрселелерді қоймау туралы ұсыныс енгіздік. Қазір Қазақстанның біршама жерлерінде өзіміз белгілеген нәрселер ғана қойылады. Көп ысырапқа барып жатқан жоқ. Бұл халықтың қолдауын тапты. Халық осы нәрсеге разы болып жатыр. Мынау тіпті өлімнің өзінде біздің қазекеңдер жарысып кетіп еді, мынау бір тоқтау болды деп айтып жатыр.

Берік ХАСЕНОВ