Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «Түрмелерді реформалау» тақырыбына арналған ІIІ форум өтеді

AstanaTV
09.12.2015ж. 20:00
784
Астанада «Түрмелерді реформалау» тақырыбына арналған ІIІ форум өтеді

Астанада 11 желтоқсанда «Түрмелерді реформалау» тақырыбына арналған ІIІ форум өтеді. 200-дей адам қатысатын форум «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасының басталуына орайластырылған. Яғни экс-сотталғандарды  қоғамға бейімдеу жайы сөз болады.

Бас прокуратураның дерегінше, қазір 100 мың қазақстандыққа 233 қамаудағы азаматтан келеді. Бұл 80-ші жылдарға қарағанда 3 есе төмен. Соңғы екі жарым жылда түрмедегілер саны 25% немесе 52 мыңнан 40 мың адамға дейін азайды. Мамандар мақсат жазасын өтеушілер санын азайту ғана емес екенін айтады. Қоғамдық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен сотталғандарды жұмыспен қамту - басты назарда.

Нұрлыбек Әбдірайымов ҚР Бас прокуратурасының бөлім басшысы:

Колонияларға кәсіпкерлерді кіргізіп жатырмыз. 100-ден аса кәсіпкер кіріп, қазір 2 мыңдай сотталған жұмыс істеп, ақша тауып жатыр. Мінез-құлқы дұрысталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандар бар. Жазасы жеңілге ауыстырылып, сотталғандарды қоғамға бейімдеуді осы форумда қарайын деп жатырмыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА