$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ЭКСКЛЮЗИВ: ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич жекешелендіруге қатысатынын айтты

AstanaTV
11.12.2015ж. 20:00
1764
ЭКСКЛЮЗИВ: ERG  директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич жекешелендіруге қатысатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында кәсіпкерлерді мемлекеттік нысандарды сатып алудан тыс қалмауға тағы шақырды. "Ашық, әрі әділ өткізгелі отырған бағдарламаға отандық және шетелдік иневесторларды теңдей талаптармен шақырамыз", - деді Президент.

Ал ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында сатып алу науқанына қатысатынын айтты. Қазіргі ахуалға баға берген миллиардер, мұнайды айтпағанда, металлургия мен тау-кен салаларындағы кәсіпорындардың жағдайы тіптен ауыр, дейді.

Александр Машкевич, ERG директорлар кеңесінің төрағасы:

Менің ойымша, жекешелендіруді жүргізу өте дұрыс шешім. Бізді энергетика, салмақты тау-кен активтері қызықтырады. Бұл науқанға, әрине, қатысамыз.

Белгілі кәсіпкер Александр Машкевичтің толық сұхбатын ертең 20.30-да шығатын «Біздің уақыт» апталық- сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ