$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ақтөбеде сауда үйінің ашылуына келгендер бірін бірі таптап тастауға шақ қалды

AstanaTV
18.12.2015ж. 20:00
1527
Ақтөбеде сауда үйінің ашылуына келгендер бірін бірі таптап тастауға шақ қалды

Ақтөбеде сауда үйінің ашылуына келгендер бірін бірі таптап тастауға шақ қалды. Дүкен алғашқы сатып алушыларға 50 пайыз жеңілдік жасап, қосымша сыйлықтар ұсынамыз деп хабарлаған. Алайда, қауіпсіздік шаралары тиісті деңгейде ұйымдастырылмады.

Топырлаған адамдарды тәртіпке салу үшін, полицейлердің көмегі қажет болған. «Мұнда 720 көлікке шақталған автотұрақ бар, алайда темір тұлпарлар 5 мыңнан асты»,- дейді тәртіп сақшылары. Сауда үйі маңынан басталып, бірнеше шақырымға созылған кептеліс бірнеше көшедегі қозғалысты тоқтатқан. Жағдайды ретке келтіру үшін жүздеген полицей тартылды. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Халықтың санын дұрыс болжамағандығы, азық-түлік арбаларының кіре берісте орналасуы, кассадағы компьютерлік бағдарламалардың істен шығуы және қызметшілердің тәжірибесіздігі болды және адамдар аяқ астындағы кілемшелер еденге бекітілмегендіктен сүрініп құлаған. 

Мансұр ЕСХОЖИН