«Анкара
Ресейдің Су-24 ұшағын Вашингтонға жағыну үшін атып түсірді деген болжам қисынға
келмейді». Ақ үйдің ресми өкілі Джош
Эрнст Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемесіне қатысты осылай деді.
Оның сөзінше, АҚШ Ресей мен Түркияның араздасқанын қаламайды. Эрнст екі елді татуласуға шақырды.
Владимир Путин журналистермен өткен баспасөз жиынында «Сирияны бомбалаушы
ұшақты Түркия АҚШ-тың айтуымен атып түсірді» деген болатын.
Владимир
Путин, Ресей президенті:
Түркия
билігінде біреу Америкаға жағу үшін осындай әрекетке барса, оның қаншалықты
дұрыс екенін айта алмаймын. Мүмкін, сондай мақсат болған да шығар. Қалай
болғанда да, олар жағдайды тым ушықтырып жіберді.
Ресей
басшысының баспасөзде кең тараған тағы бір мәлімдемесі Дональд Трампқа қатысты.
Америка президенттігінен дәмелі миллиардер Путиннің сөзін «мәртебе» көреді, деп
жазды The Hill газеті. Ресей президенті Трампты «жарқын тұлға» деген-ді. Ал
үміткер бұған дейін, билікке қолым жеткен күні Ресеймен қарым-қатынасты
түзеймін деп, уәде берген.