Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемесін өсірген соң, АҚШ валютасы 340 теңгеге бір-ақ жетті

AstanaTV
18.12.2015ж. 20:00
998
Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемесін өсірген соң, АҚШ валютасы 340 теңгеге бір-ақ жетті

Американың Орталық банкі көк қағаздың пайыздық мөлшерлемесін өсірген соң, валюта бағамы бірден көтерілді. KASE-дегі таңғы сауда-саттықтан кейін, айырбас пункттерінде көк қағаз құны 345-ке жетті. Сарапшылар мұны Федералды қор жүйесінің 16 желтоқсандағы шешімімен байланыстырады.

Соңғы 9 жылда өзгермеген пайыздық мөлшерлеме биыл 0,375-ке өсті. "Бұл АҚШ экономикасы жоғары пайыздық мөлшерлемеге дайын дегенді білдіреді. Инфляция тұрақты, жұмыссыздық деңгейі төмен. Ал дамушы елдерге оңай болмайды", - деп жазады Bloomberg. Мұнай арзандап, сырттан келетін қаржы көлемі азаяды. Федералды қор жүйесі алдағы екі жылда пайыздық мөлшерлемені тағы көтеруді жоспарлап отыр. Америка Орталық банкінің бұл шешімі әлемдік экономикаға кері әсер етеді. АҚШ валютасына байланған несиелердің пайыздық үстемесі артады, қолжетімді қаржы азаяды деген сөз.

Джаннет Йеллен, ФҚЖ төрағасы:

Пайыздық үстеменің өскеніне қарамастан, ФҚЖ-нің монетарлық саясаты жұмсақ болады. Егер ФҚЖ пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт өзгертпесе, кейін бірден өсіруге тура келеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ