$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Елорда мейрамханаларының иелері, Астананың үш бірдей сауда ортылығынан ішек таяқшалары табылды, деген ақпаратқа сенбейді

AstanaTV
21.12.2015ж. 20:00
1383
Елорда мейрамханаларының иелері, Астананың үш бірдей сауда ортылығынан ішек таяқшалары табылды, деген ақпаратқа сенбейді

Бүгін Астанадағы үш бірдей ірі сауда - ойын сауық орталығындағы тамақтану орындарында ішек таяқшалары табылды деген ақпарат тарады. Бірақ Елорда мейрамханаларының иелері бұл ақпаратқа күмән келтірді. Ғаламтордағы тізімге енген «Дель Папа» мейрамханасының PR-менеджері тексеріс болғандығын растайды. Бірақ оның нәтижесі бойынша тексерушілер мейрамханадан мін таппапты.

Мадина Искакова, AB RESTAURANTS PR-менеджері:

Жарық көрген тізімде 9 мейрамхана көрсетілген. Оның ішінде біз де бармыз. Бірақ біздің қолымызда санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қарашада берген анықтамасы бар. Онда барлық санитарлық нормалар талапқа сай делінген. Мақалада қате кеткен болар.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ресми хабарламасында бұл мейрамхана атауы жоқ. Ал ғаламторға тарап кеткен ақпарат депарамент сайтына осыдан он күн бұрын жарияланған көрінеді. Онда тексерілген нысандарда «микробиологиялық көрсеткіштер рұқсат етілген нормадан жоғары» делінген. Астаналық департаменттің басшысы Нұрлыбек Асылбеков тексеріс болғанын растады. Кейін, тексерілген мейрамханалардың барлығы кемшіліктерді дер кезінде түзетпеген. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды. «Бұндай тексерістер жалғасады», -дейді Нұрлыбек Асылбеков.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ҰЭМ Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

Біз нұсқама бердік, нұсқамадан кейін олар сол табылған сәйкес еместіктерді жойып, бізге хабарлама береді. Сол бойынша біз қайтып тексеріс жүргіздік. Нұсқаманы тексеру кезінде 8 объектіде нұсқаманы орындамағандығы табылды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ