Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазақстан темір жолы» билет бағасын көтермейміз деп сендірді

AstanaTV
21.12.2015ж. 20:00
1805
«Қазақстан темір жолы» билет бағасын көтермейміз деп сендірді

«Қазақстан темір жолы» 2016 жылы жұмысшыларын қысқартпайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында компания басшысы Асқар Мәмин хабарлады. Жиын барысында жаңа жылда темір жол билетінің құны қымбаттамайтыны да белгілі болды.

Асқар Мәминнің айтуынша, біздегі темір жол билетінің құны Ресейден екі есе арзан екен. Ал алдағы 3-4 жылда қазіргі ескі вагондар толық жаңартылмақ. Және ЭКСПО көрмесіне орай 2017 жылдан бастап Астана-Алматы-Үрімші бағытында күн сайын жүретін жаңа Тальго поезын іске қосу жоспарланған. Компанияның көліктік-логистикалық жүйесі де дамып жатыр. Астанада «А» классты орталықтың ашылғаны белгілі. Асқар Мәмин осындай көліктік-логистикалық орталықтардың 2020 жылға дейін 8 қалада ашылатынын айтып өтті. Олар - Шымкент Ақтөбе, Павлодар, Қостанай Семей, Атырау, Ақтау және Орал қалалары. Дегенмен «Қазақстан темір жолының» жүк тасымалы төмендеген.

Асқар Мәмин, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті:

Жүк тасымалы 2014 жылмен салыстырғанда 12 пайызға азайды. Әсіресе экспорт құлдырады. 25 пайызға төмендеп кетті. Бұл өте салмақты ауқым. Бұл  темір рудасының, көмірдің экспортының төмендеуімен байланысты. Қытайдың экономикалық жағдайы да әсер етті. Өйткені темір рудасы Қытай нарығына көптеп шығатын еді. Соколов-Сарыбай кен байыту орнының шетелге кентетін өнімі 7 млн тоннаға азайды. Ресейге кететін көмір экспорты да азайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ



Алдыңғы жаңалық