Атыраудағы
екі күн қатарынан толассыз жауған қар мен жаңбыр қала тұрғындарын әбіргерге
салды. Көшеде көлік қозғалысы қиындап,
жүргіншілердің де жүріп-тұруы мұңға айналды. Уақытылы жиналмаған қар еріп, оған
қар аралас жаңбыр қосылып, қала тұтас батпақтың құрсауында қалды. Сулы қарды
көтере алмаған электр сымдары үзіліп, осының салдарынан қала маңындағы Томарлы, Лесхоз, Геолог, Еркін қала,
Жұмыскер елді мекендері бір тәуліктей жарықсыз отырған.
Ал синоптиктердің де
болжамы көңіл көншітпейді. Олар мұндай ауа райы апта соңына дейін жалғасатынын
айтты. Бүгін облыс орталығында ауа температурасы күндіз +2 градусты көрсетті.
Қаланың коммуналдық қызмет өкілдері екі күнде 5 мың текше метр қар шығарылғанын
айтты. Сондай-ақ тазалық жұмысына екі ауысыммен 200 адам, 30-ден аса техника
тартылған. Алайда коммуналдық мекеменің әрекетіне тұрғындардың көңілі толмай
отыр.
Ауа-райына
байланысты ғой, кеше қар жауды, жаңбыр жауып жатыр. Былшиды ғой сосын. Жасау
керек қой үлгергенінше. Қолайлы емес, аяғымыз шылқып келе жатыр.
Асфальтқа
дейін калоши киіп келдім, ары қарай етігімді ауыстырып келе жатырмын. Масқара.
Атырау деген лайық емес. Мұнайлы астана деген атағына лайық емес. Жылағың
келеді.
Мұратбек
Маханов, Атырау қаласы «Арнаулы автобаза» КМК директоры:
Орталық
көше бәрі таза. Ешқандай машиналар соғыспайды. Көпірлер таза. Енді негізгі
көшеден басқа кішкене көшелерге шығып жатырмыз. Негізі КСК-лар қарды жолдың бойына шығарып
беруі керек, жол бойынан алып кетеміз, заявка бойынша.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ