Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Мейірімді жүрекпен» акциясы Алматы қаласында жалғасуда

AstanaTV
21.12.2015ж. 20:00
1491
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Мейірімді жүрекпен» акциясы Алматы қаласында жалғасуда

Алматыда жаңа қайырымдылық көмек орталығы ашылды. Жоба "Мейрімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы аясында "Нұр Отан" партиясының қолдауымен іске асып отыр. Мұқтаж жандарға арналған орталық Әуезов ауданындағы «Сайран» автобекетінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде кәсіпкерлер мен қала тұрғындарынан екі жарым тоннадан аса тауар жиналған. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар бар.

Арнайы әзірленген азық-түлік себеті аталған аудандағы жағдайы төмен 50 отбасына таратылды. Мақсат - соғыс ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы және толық емес отбасыларына көмек қолын созу болып табылады. Айта кетейік, дәл осындай орталық бұған дейін Медеу, Алатау, Жетісу аудандарында ашылған болатын. Партия белсенділері алдағы уақытта мұндай орталықтарды Алматының барлық аудандарында ашуды көздеп отыр.

Бәтима Ибраева, «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы саяси кеңес бюросының мүшесі:

Қазіргі осы дағдарыс кезінде осындай орталық ашылса, ол жаман емес. Өздеріңіз білесіз, әртүрлі жағдай болады. Біздің аудандағы 42 мың зейнеткердің арасында 6 мың жеке бас зейнеткерлер, олардың алатын зейнетақысы аз. Сондықтан ойлаймыз, енді осындай ол кісілерге жақсылық әкеледі деп. Әрбір үйде кимейтін киімдер бар, аяқ киімдер де бар. Сол мен ойлаймын, осы қайырымдылық ашқаннан кейін барлығы осы жерге әкеліп тапсырады.

Самат ҚАНАҒАТОВ