Астанада
ардагерлерге арналған «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары»
бейнеанталогиясының көрсетілімі болды. Аталмыш шара «Нұр Отан» париясының
қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған.
Бейнеантологияда 611 қазақстандық Кеңес Одағының батыры туралы тың ақпараттар
баяндалады. Қан майданда ерлік көрсеткен батырлар жайлы бұрын беймәлім болған
ақпараттар олардың жеке істерін сараптаған жетекші тарихшылармен жинақталған.
Бейнеантология ұзақтығы 8-10 минуттық 140 деректі фильмнен тұрады. Олар
қазақ-орыс тілдерінде жарық көрген. «Нұр Отан» партиясы тарих беттерінде
жазылып қалған бабаларымыздың батырлығын келешек жас буынға үлгі ету үшін
аталмыш жобаларды қолдауды жалғастыра бермек. Ал, деректі фильмді көруге келген
ардагерлерге ұйымдастырушылар дәрі-дәрмек сатып алуға сертификаттар берді.
Бақытжан
Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Бүгінгі
тарихи кино бұл болашаққа керек. Бұл шындықтың көзін ашып, залда жастар отыр, сол себепті осыны ұйымдастырған «Нұр Отан» партиясына үлкен рахмет айта отыра, осындай фильмді талай көрсету керек. Ары қарай қадам басу керек. Себебі бұл -
тәрбие, бұл патриоттықтың туын ашады. Жастардың рухы көтеріледі.
Бекболат
Ғайып, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің
оқушысы:
Соғыс
ардагерлерінің біз үшін, Тәуелсіздік үшін күрескен ерліктері қатты ұнады. Олар
бізді өмір сүруге талпыныс жасап, фашистік Германияны жеңді және де бізге жеңіс
сыйлады. Олардың атқарған соғыстағы ерліктерін ұмыту мүмкін емес.
Жобаны
іске асыру үшін сценарийсттердің, режиссерлардың кәсіби тобы тартылған.
Сондай-ақ бейнеантологияда Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ орындаушыларының
музыкалық шығармалары жұртшылыққа паш етілді. Эпизодтарда мұрағаттық бейнекадрлармен қатар, 2D және 3D графикасының визуалдық тәсілдері қолданылған.
Кинофильмді кәсіби түсіргені үшін жоба жетекшілері «Нұр Отан» партиясының
«Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Ернар
Құрмашев, «KAZAKHSTAN COMPUTER GRAPHICS» ЖШС бас директоры:
Бұл
жобаны жүзеге асыру үшін, жыл бойы жүзден астам адам тер төкті. Тарихи сәттерді
қайталау үшін арнайы декорациялар құрылды. Түсірілімге елге танымал актерлар
тартылды. Бұл туынды ардагерлердің өшпес ерлігін көрерменге, оның ішінде жастарға
барынша жақын жеткізуге бағытталған.
Берік ХАСЕНОВ