$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Журналист қызды соққыға жыққан жігіт үш жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды

AstanaTV
22.12.2015ж. 20:00
2535
Журналист қызды соққыға жыққан жігіт үш жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды

Алматыда журналист қызды соққыға жыққан жігіт үш жылға темір торға тоғытылды. Бұл туралы бүгін қалалық соттың баспасөз қызметі ақпарат құралдарын құлағдар етті.  Тергеу ісі аяқталысымен, Алмалы аудандық соты  22 жастағы Өркен Мырзахан есімді азаматты кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Жеке басына тиесілі мүлкін тәркілеп, Бота Жұмановаға келтірілген моральдық шығын ретінде 80 мың теңге өндірілген.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық соты ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі:

Өркен Мырзахан сотта өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін айтты. ҚР Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 тармағы, яғни «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу» бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға темір торға тоғытылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Еске сала кетейік, қазанның 8-і күні блогер Бота Жұмановаға үйінің алдында белгісіз біреу шабуыл жасалған болатын. Бұл әрекеті тұрғын үй алдына орнатылған бейнекамераға түсіп қалған еді. Қалалық соттың дерегінше, бейтаныс жігіт журналистті тонамақ болған.

Айгүл ЕРМАХАН