«Блогиада-2015»
мәресіне жетті. Жобаны «Нұр Отан»
партиясының қолдауымен «Жігер.Абырой.Сана» қоғамдық қоры ұйымдастырған.
Партияның баспасөз орталығында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті.
Қазақ блогерлері арасында шілде айында бастау алған «Блогиада-2015»
«Сапалы контентке - Миллион!» ұраны аясында өткізілді. Жарысқа әр аймақтан 12 блогер
қатысты. Қазақ Хандығының 550 жылдығы, девальвация, әлеуметтік медиа,
ақпараттық қауіпсіздік сынды маңызды тақырыптарға жүзге жуық пост жазылды. Бес
айлық жарыс нәтижесінде 1-ші орынды блогерлік қырымен танылған ОРТ-Еуразия
телеарнасының өкілі Маралбек Сағынғанов
иеленді. 2-орын Мерей Ермұхановтың қанжығасында. Ал 3-орынды Еуразия университетінің студенттері Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Абибулла бөлісті. Бас
жүлде иесіне 1 млн, 2-орынға 500 мың, ал 3-орын иегерлеріне 250 мың теңге
сыйақы табысталды. Айта кетейік, қазақ блогерлерінің жазба жарысы екінші рет
өткізіліп отыр.
Берік
Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі:
Блогерлердің
бір ерекшелігі - виртуалды әлемде өмір сүретіндіктен, бұл азаматтар Қазақстанда ғана емес, шетелде жүрген студенттермен, қандастарымызбен де тығыз байланыста, өздерінің ортақ
тақырыптарын осы блогтар арқылы, жазбалар арқылы ұйымшылдықтарын көрсетті.
Бүгінгі жеңімпаздарға сәттілік тілейміз енді, бұл екінші рет ұйымдарстырылып
отыр. Алдағы уақытта да "Нұр отан" партиясы осындай жобаларға.
Назерке
Әбибулла, «Блогиада-2015» сайысының 3 орын иегері:
Ауқымды
тақырыптар қозғалды, біз әр кезең бойынша қарым-қабілетімізді таныта білдік,
жазуды ғана меңгерген жоқпыз. Түрлі мультимедиялық сервистерді, бағдарламаларды
қолдана алдық.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ