Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістанда өз отбасын қырып салды деген басты күдікті қайтыс болды

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
1093
Түркістанда өз отбасын қырып салды деген басты күдікті қайтыс болды

Түркістанда өзінің отбасын қырып салды деп айыпталған Мухаммаджан Исраилов ауруханада ес жимастан көз жұмды. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының басшылары айтты.

Қазір қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Әзірге полицейлер, қылмысқа себеп болған «қызғаныш» деген нұсқаны ұстанып отыр, деді. Бұған дейін марқұмдардың туыстары, көлік сатуымен айналысқан бауыры қарызға белшеден батқан, қарызын қайтара алмағандардың ісі, деген еді. Бірақ бұл нұсқаны тергеушілер жоққа шығарды.

Қуат Салиев, ОҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

Ол версияны біз қарастырдық. Ол версияда да бізде бір күдікті болды. Ол күдікті қарыз ақшасының бар екенін, бірақ ол қылмысқа ешқандай қазіргі таңда қатысы жоқ екені анықталды.

Басқарма басшысы өзге ақпараттарды тергеу құпиялылығына байланысты жарияламады. Тек марқұм  Мухаммаджан Исраилов пен оның келіншегінің атында ірі көлемде несие рәсімделгені анықталған.

Еске салайық, қазан айының 10-ы күні Түркістан қаласында бір отбасы түгелдей қырылып қалған еді. Төрт адамның денесі табылып, анасы, баласы, немересі ауруханаға жеткізілген еді. "Ал анасы мен алты жастағы немересі ауруханадан шыққанымен, болған оқиғаны баяндайтын жағдайда емес",- деді ішкі істер департаментінің өкілі.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық