Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандыдағы сауда үйінде болған өртке қатысты қылмыстық с қозғалды

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
1395
Қарағандыдағы сауда үйінде болған өртке қатысты қылмыстық с қозғалды

Қарағандыдағы сауда үйінде болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өрттен жапа шеккен 6 кәсіпкер бүгін полиция бөліміне келіп, арызданған. Саудагерлердің айтуынша, өтініш жазып үлгермегендер әлі де бар. Кәсіпкерлер шаш етектен шығынға батқандарын айтып, тергеушілерден өртке кінәлі адамды тауып беруді сұрап отыр. Осылайша, айыптыдан материалдық шығындарын өндіріп алмақшы.

Мария Нечаева, кəсіпкер:

Біз дүкен қожайынына өрт қауіпсіздігі, ғимараттың суықтығына байланысты нақты ескертулеріміз бар. Аяқтан қайта тұрып кеткенше, тегін орын беру мәселелерінде әділдік болса деп сұраймыз.

Нұрсұлтан Жәкенов, Қарағанды қалалық ІІД Михайлов полиция бөлімінің аға тергеушісі:

Қазір бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 204-ші, яғни «абайсызда өзгенің мүлкін бүлдіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Нақты себебін анықтау үшін арнайы сараптамалар жасалады. 

Өткен дүйсенбіде Қарағандыдағы сауда үйінің бірінен өрт шықты. Ғимараттың 2-ші қабатынан шыққан жалын қымбат тон-ішік, аяқ-киім сататын 15 сауда нүктесін тып-типыл етті. Жалпы нысанның 3 мың шаршы метр аумағы күлге айналды. Келген шығын көлемі әлі белгісіз. Сауда үйінің қожайыны ғимаратты сақтандырудан түсетін қаражатты жөндеу жұмыстарына жұмсайтынын айтты. Оның дерегінше, тілсіз жау 95-інші бутиктен басталған деген болжам бар. Алайда, оқиғаның нақты себебін полиция тексеріп, анықтайды.

Андрей Борисенко, сауда үйінің қожайыны:

Сараптама қорытындысында «өрт 95-інші бутиктен басталған» деп жазылған. Ол жерден электр шәйнегі, шаш кептіргіш, сым табылған. Бутик өрт тұтанған кезде жабық болған. Жапа шеккендерге қойма, сауда нүктелерін береміз, орындар бізде жетерлік.

Айжан ҚУАШ