Бүгін,
желтоқсанның 22-нен 23-не қараған түнінде, барша мұсылман қауымына қасиетті
Мәуліт айы енді. Бұл Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың туған мезгілі. Мәуліт
мұсылман елдерінде халықтық мереке ретінде атап өтіледі.
Бұл - насихат
айта отырып, адамдарды мейрімділікке қамқорлыққа, қайырмыдылыққа шақыратын
мереке. Мәуліт мейрамының тойланатын нақты күні міндеттелген емес. Ол хижра жыл
санауы бойынша бір ай көлемінде өтеді. Осыған орай, дәл қазір «Қазақстан»
орталық концерт залында мерекелік шара өтіп жатыр. Мәуліт - қоғамдық мереке, -
дейді дін қызметкерлері. Сондықтан осы кеште дін туралы ән, жыр, термелер
орындалып, Аллаға мақтау, Пайғамбарға салауаттар айтылады. Мәуліт кезеңінде
тілектер қабыл болады, - дейді имамдар.
Серікбай
қажы Ораз, ҚМДБ наиб мүфтиі, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы:
Адамзатқа
тек ізгілікті ғана насихаттаған Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с.
өзара адамдарға мейірімділік көрсету керек екендігін, өте дәулетті, жағдайы бар
адамдар жомарттығын арттыру керек, осы айларда қайырымыдылық шараларды көптеп
жасау керек. Қазақстан мұсылмандарын, пайғамбарымызға үммет болған барша
жұртшылықты пайғамбарымыздың Мәуліт мерекесімен құттықтағым келеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ