Түрікменстан шетел валютасы талонмен беріліп жатыр
AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1767
Ашхабадта шетел валютасы
талонмен беріліп жатыр. Түрікменстанда мұндай жаңа ереже енгенін РБК арнасы
хабарлады. Тұрғындар ақша айырбастау пункттеріне бармас бұрын банктен талон
алулары тиіс. Бұл ереже банк терезелеріндегі ұзын-сонар кезекті жою үшін
енгізілген деседі. Бірақ мәселе мұнымен шешілмей, кезек енді
банк алдында жалғасқан. Кейбір ақпарат құралдары елде америкалық ақшаның
жетіспейтінін хабарлады. Оған сұранысты азайту үшін, билік осындай айла-амалдар
енгізіп отырған болуы мүмкін.
Қазір Түрікменстанда АҚШ ақшасына сұраныс жоғары.
Жыл басында болған девальвациядан соң елде дүрбелең басталған. Қазір
тұрғындарға жылына 8 мың АҚШ валютасынан артық сатып алуға рұқсат етілмеген.
Манат тағы да әлсірейді деген алып-қашпа әңгімеден соң, билік осындай шектеу
қойған еді.