Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлттық банк ұлт мүддесін қорғай ма?

AstanaTV
04.06.2016ж. 20:00
1636
Ұлттық банк ұлт мүддесін қорғай ма?


Ассалаумағалейкүм! Павлодар қаласы мен облысының халқын маса мен шіркей талап жатыр. Қансорғыштардың көптігі сонша өңір басшылығы төтенше жағдай жариялауға дайын. Алда бәрін айтып беремін. Ұлттық банк кімнің мүддесін қорғайды, ұлттың ба, әлде...(пауза) екінші деңгейлі банктердің бе? Депутаттар осы сұраққа жауап іздейді. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев тіпті бас қаржыгер Данияр Ақышевті «банктерге бүйрегі үнемі бұрып отырады» деп айыптады.  

Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ұлттық банк, елдің басты банкі. Сіздер екінші деңгейлі банктердің мүддесін қорғап, қамқорлық жасап отырсыздар. Сіз жоғарғы заң шығарушы органға халыққа қарсы заң жобаларын әкелесіз.

Айтпақшы, қазақша екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын бас банкир, мемлекеттік  тілді бір жылда үйренемін деп ант су ішті. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

¤

-Айтыңызшы сіз қашан қазақ тілін үйреніп, біздің қазақша сұрақтарға қазақша жауап бересіз?

-Өте дұрыс сұрақ. Келесі жылы.

Пікірлер:https://finance.nur.kz/1145972-deputat-obvinil-nacbank-rk-v-kryshevan.html

Аноним:

Бізде бәрі бір-бірінің былығын жауып отырады. Тек қана банктер емес. Бұл – мемлекеттік қызметкерлер өзін ғана ойлайтын Қазақстан.

Аноним:

Банктерді азайтып халыққа жұмыс істейтін жүйе жасау керек. Осындай жер байлығымызбен мынау масқара ғой!  

Аноним:

Біздің банк қызметкерлері ақша табудың амалын білмейді. Милары жетпейді. Батыстан қарыз алған оңай оларға. Ұрлап-ұрлап девальвация жасады.

http://www.time.kz/articles/zloba/2016/06/01/49655-spustites-s-nebes-na-zemlju

Bossss:

Тінікеев дұрыс айтады. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді қанатының астына алып отыр. Қарға қарғаның көзін шұқымайды.

Klain:

Жоғарғы заң шығарушы органға негізінен халыққа қарсы заңдарды әкеледі. Өйткені олардың әлемі басқа.  

Мазаны алған маса...

Ал павлодарлықтар масадан зардап шегіп отыр. Қала мен ауылдарда маса мен шіркей түтін сияқты. 117 миллион теңге. Зиянкес жәндіктерді улауға осынша ақша бөлінген. Сөйтсек, қаланың өзінде масамен күресемін деп тендер ұтып алған компания, дәрісін Ертіске тек жарым-жартылай ғана шашқан көрінеді. Қалған теңгелерді үнемдеп қалса керек. Жұрт шулағасын әкім Болат Бақауов шұғыл жиналыс өткізген. Облыстық коммуналдық шаруашылық басшысы халықты маса талап жатқанын білмейді де екен. Қансорғыштарды қандай препараттармен улап жатқанын, оның бағасы қанша тұратынынан да бейхабар. Облыс орталығын масадан тазарта алмай отырғанда, ауылдағы қансорғыштарды қайдан уласын билік. Ауыл халқын айтпағанда, қаладағылар көшеде қыдырудан қалған.  Әкім Бақауовтың өзі ауласына қалай шығады екен. Әлде оның ауласына дәрі себілген бе?! Ал бақташылар малын баға алмай әлек. Тіпті ерінбеген біреу масалардың шабуылын ұялы телефонына түсіріп, ғаламторға салып жіберген. Қараңыз.

Видео: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nashestvie-komarov-snyali-na-video-v-pavlodarskoy-oblasti-295630/

Маса Петропавл халқын да талап жатыр. Ол жерде билік масаның қаптауына тасқын су кінәлі деп отыр. Әйтеуір бізде әкімдер ешқашан ештеңеге айыпты болмайды. Жұрт не депті.

Пікірлер: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nashestvie-komarov-snyali-na-video-v-pavlodarskoy-oblasti-295630/

Ертіс:

Маса деген қайғының жартысы ғана. Шіркей деген масқара. Олар ұсақ болғасын видеодан көрінбейді. Жаман талайды. Тіпті құстардың көзі мен тұмсықтарын талап, өлтіріп жатыр. Масаларды улайтын дәрілер шіркейді өлтіре алмайды. Олар ыстықта қаптайды.

Аноним:

Масқара, өз-өздерінен ұрлап отыр. Дұрыстап уласа болады ғой.

Қанат:

Павлодарда маса мен шіркейді дәрілеп жатырмыз деп көз қылады. Әкімдіктің алдына дихлофос себетін шығар. Бюджеттің ақшасын шашады, ал нәтиже жоқ. Әкім инеліктерді күтеміз деді ғой. Өйткені өзі көмектесе алмайды. Сондықтан инеліктерді күтеміз!

Ата:

Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығының айқын дәлелі. Ертіске не құйғанын кім білсін... Оңбағандарға арналған алтын ғасыр...

Мерей:

Мұндай көп маса көрген емеспін. Билік қайда қараған? Бұл деген масқара! Балалар аулаға ойнауға шыға алмайды! 21 ғасыр! Дер кезінде дәрілеуге болмады ма?

Ал маса талап тастамаса, пікір білдіруден шаршамаңыз! «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!