Қызылордада «Ақтау-сити»
оқиғасы қайталанбайды. Бүгін Орталық коммункациялар қызметіне келіп есеп берген
облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осылай деді. Қызылорданың бас жоспары
өзгертіліп, Сырдарияның сол жағалауында су жаңа қала салынатыны былтыр жария
болған. Қырымбек Көшербаав тіпті 1500 гектар аумаққа инфрақұрылым тарту үшін
Азия даму банкімен 176 млрд теңгеге келісім жасалғанын айтты. Кезінде Маңғыстау
облысында «Ақтау-сити» жобасын бастаған Көшербаев Қызылордада бәрі ойдағыдай
болады деп сендірді. Көздің жауын алатын «Ақтау-сити» макет күйінде
қалғаны белгілі.
Қырымбек Көшербаев, Қызылорда
облысының әкімі:
Азия даму банкімен келісімге
келдік, коммуналдық жүйенің барлығынң жобасы бекітілді. Мемлекеттік сараптадан
өтті. Несие алу үшін, қол қою ғана қалды. Инфрақұрылым тартылса, инвесторлар келеміз
деп отыр. Коммерциялық жоба ғой. Жағдай осы. Оның іске асатынына сенім мол.
Жаңа Қызылорда салуға бір
жағынан табиғи өсім де түрткі болып отыр. 2025 жылы қала халқы екі есе көбейіп,
500 мыңнан асады деп болжанады. Әлеуметтік мәселеге келсек, биыл облыста 900
адам жұмыстан қысқартылды. Есесіне 11 мың, оның ішінде 8700 тұрақты жұмыс
орындары құрылған. Ал мұнай-газ саласындағы сервистік компанияларға келесі жылы
қиынған соққалы тұр. Тапсырыстар биылдың өзінде 50 пайзыға қысқарған. Бұл
салада 129 мың адам нәпақасын тауып отыр. Көшербаев бұған дейін бұғанасы
бекіген сервистік компанияларға былай деп кеңес берді.
Қырымбек Көшербаев, Қызылорда
облысының әкімі:
Ол сервисте жүрген
компанияларға айтып жатырмыз. Бизнестеріңді әртараптандырыңдар деп. Тек қана мұнаймен
отырмаңдар, мұнайдың да уақыты өтіп барады. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібіне
мүмкіндіктеріңізді салыңдар деп. Біраз күш жинадыңдар ғой, бұлшық еттерің пайда
болды мұнай мен газдың кезінде.