Балаларды қорғау күні» деп ат қойылып, айдар тағылған күн бар, 1-ші маусым. Бұл күні сәбилер түрлі сыйлықтар алып,үлкендердің ықыласына күндегіден де көбірек бөленеді.Бірақ балдырғандарымыз қаншалықты қорғалуда? Әлеуметтік тұрғыдан айтып жатқанымыз жоқ. Өмірлеріне төнетін қауіпті, дәлірегі тілсіз жаудың бірі «судан» келер қауіпті айтамыз.Дәл осы маусымның бірінен бастап суға түсу маусымы ашылады. Өкініштісі, суға батып кеткен балалар саны әлден ақ артқан. Оңтүстік Қазақстанда жаз басталмай жатып ақ суға кету оқиғасы жиілеп кеткен. Соңғы үш тәулікте үш бірдей өспірімнің ажалы судан келді. 12 жастағы оқушы Сырдария өзеніне батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін араға жарты сағат салып тапты Түркістанда 5 жасар сәби үй маңындағы Оранғай каналына ағып кеткен. Ал Созақта бүлдіршін қыз ауладағы құдыққа құлап көз жұмды.
Нұржан ӘСІБЕКОВ, ОҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы:
Жыл басынан 21 оқиға тіркелді. Оның ішінде 17 бала суға кеткен. себептері, алғашқы себеп бұл жерде балалар ата-анасыз, ақарусыз қалады. Бізде 17 фактінің бәрі жас балдар.Бәр сол суға батқаны 2 жас пен 5 жас аралығында. + Көбісі бізде оқиғалардың бәрі Сарығаш ауданы, Шардара ауданы, Отырар және Шымкент қаласында тіркеліп жатыр.
Төтенше жағдайлар комитеті берген ақпардан жантүршігеді. Жыл басынан бері 109 адам суға батса,оның 50-ге жуығы мамыр айында тіркеліп отыр. Ажалы судан келгендер арасында тағы да сол қараусыз қалған, қауқарсыз балғындар бар...
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:
Бүгінгі күні жылдың басынан бері 100-ден астам адам суға бату фактілері тіркелген. Оның 37-сі бала. Балалар туралы айтқана ең басты прицина ол құтқарушылар жоқ қараусыз демалу орындарында демалу.
Республикада 34 қала маңындағы жағажайлар мен 529 жеке демалу аймағы бар екен. Әкімдіктерге қарасты су айдындарында арнайы құтқару бекеттері жұмыс істейді.Жекенің қолындағы жағажайда құтқару қызметін сол орынның иелері қамтамасыз етуі керек. Алайда мемлекеттік құтқару қызметі олардың қауіпсіздік шараларына немқұрайды қарайтыныны айтып дабыл қағуда. Шомылу маусымы басталып кеткеніне қарамастан, аймақтарда жекенің иелігіндегі жағажайлардың көбінде құтқару қызметі құрылмаған.
Арон Байғожин «Солтүстік» өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары: