$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Бұл кештің керегі бар ма?»

AstanaTV
26.12.2015ж. 20:30
2294
«Бұл кештің керегі бар ма?»

Жаңа жылдың алдында мекемелерде корпоративті кештер өтетіні мәлім. Дағдарыс тереңдеген биыл  әсіресе мемлекеттік органдар, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар  ондай кештерді өткізбейтін шығар деп ойлағанбыз. Бірақ...

Алдымен бізге қатысы жоқ бір мысал. Дарақылығы жағынан біздегі болмысты елестеді. Бюджеттен субсидия алатын «Роснано» компаниясы/нанотехнологияларды дамытумен айналысады/, биыл дүркіретіп жаңа-жылдық думан өткізген. Қымбат клубты жалға алып, ағыл-тегіл дастархан жайған. Басшысы белгілі Анатолий Чубайстың лепіріп тұрғаны мынау. Менің субъективті пікірім: оның қаламгер, өзін ардың адамы деп позициялайтын Авдотья Смирновамен үйленуі ілтипат сезімін туғызған-ды, ілтипаттан түк қалған жоқ. 

Бейнеқыстырма – Жаңа-жылдық кеш, Анатолий Чубайс:    

Добрый вечер! С Новым годом! Первое, о чём я хотел сказать, — у нас очень много денег! Их совсем много!Совет директоров утвердил нам возможность из полученной нами сверхплана премии по итогам 2015 года направить её значительную часть на выплату премии из фонда заработной платы. Соответственно, у нас есть вторая премия. Это будет не мгновенно, но постараемся за базар отвечать.

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары бұл компанияның 2014 жылды 14 жарым млрд рубль шығынмен аяқтағанын еске алады. Корпорация басшысының орынбасары «220 млн рубльді талан-таражға салды»- деген айыппен үйқамақта отыр. Кештің көріністері интернетте тарап, жұрттың ашуын туғызғасын компания «думанды 2 млн рубльге өткіздік»- деп ақталған. Ал білетіндер ол ақшаның тек клубты жалдауға жететінін жазды.

Дағдарыс уақытында бұйрықпен өткізілетін корпоративті кештер... Айгүл Әдепбай жалғастырады.

Жаңа жылдық корпоратив. Қалыптасып қалған сүйкімді дәстүр ме, әлде бекер мал шашпақ па?! Жаңа жылды ұжым болып жапа-тармағай тойлаудан мемлекеттік мекемелер 2011 жылдан бастап шектеліп келеді. Биыл да министрліктер корпоративті қыздырмайды. Бәріне дерлік хабарласып шықтық - үнемдеп жатыр. Ал бұған дейін, тек министрліктерді айтпаймын, көптеген мекемелер ұлан асыр той қылатын. Тіпті 2012 жылдары жабық корпоративтерге шетелдік Кэти Перри, Дженифер Лопес, Бейонсе сынды жұлдыздар шақыртылды деген бейресми ақпарат та болды.

Ал биыл көрпеге қарай көсіліп жатырмыз. Заңды түрде тыйым салынбаса да, үнемге көштік. Ал көрші Қырғызстанда билік тарапынан кәдімгідей тыйым салыныпты. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Пока не планируем, но работе соберемся отметим результаты. Не в ресторане. Пока не планируем.

Корпоративтер кеміді дегенше, мейрамханалар мен аяз ата, ақшақарлардың табысы азайды деу керек шығар. Шымкенттік мейрамханалар да көппен бірге шығын көріп отыр. Тіпті адам тарту үшін корпоративтердің бағасын төмендеткен.

Геотитр: Шымкент

Әлия Бекхожина,  мейрамхана әкімшісі:

Былтырғы жылға қарағанда биыл шамалы аз болып жатыр. Баға енді, былтырға қарағанда бағаны біз түсірдік.  Кризиске байланысты жаңа жылдық кештер аздау болды. Биыл 4 банкет болады жаңа жылдық. Былтыр 10-11 банкет болған еді.

Жаңа жылдық корпоративтер қарапайым қараның қалтасын шынымен де қағады. Мәселен, шашты сәндеуге кемі 8-9 мың теңге кетеді. Макияжға ең жоқ дегенде, 5-6 мың теңге шығындайсыз. Кешкі көйлектің бағасын қосыңыз. Бұдан бөлек корпоративтің өзіне кемі 15-25 мың теңге шамасында шашасыз. Бірақ бұл шығын ақталатын сияқты, бір қарағанда. Ішіп-жеп, билеп, көңіл көтересіз. Дегенмен, ақшаңызды қалтаңызда да қалдыруға болады. Таңдау, әрине өзіңізде.

дедік, бірақ, кейбір мекемелер қызметкерлеріне таңдау бермейді екен. Жаңа жылдық кешке барасың  деп, мәжбүрлейтін көрінеді оңтүстік өңірде. Қосылмасаң, абайсызда жұмыстан қысқарып кетуің де ғажап емес. 

Геотитр: Тараз

Арман,  Тараз қаласының тұрғыны:

Коропоративке ақша жинағымыз келмейді, Бәрі жинап жатқасын беруге тура келеді. -Қаншадан жинатады? -15-20 мыңнан жинаймыз.

Ғани, Тараз қаласының тұрғыны:

Мен өзім мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. Әр жылда жаңа жылда жинатады. 2-3 күн бұрын жинады. Мен барғым келмейді, бірақ обязаловка ғой. Бәрі береді, басшылықтын қысым келеді. Барсаң да, бармасаң да теңгесін беру керек. Сол ақшаны бермесең, бастықтар артыңа түседі. Жұмыстан қуылып кетуің де мүмкін.

Жаңа жылдық шоу-кештер көп жағдайда осылай аяқталып жатады. Жұдырықтасумен. Біздің мәдениетіміз осы деуге аузың бармайды. Бірақ, болып жатады.

Геотитр: Алматы

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Тәжірибеге сүйенетін болсақ, енді мерекелік кештерде көбінесе бұзақылық әрекеттер көп орын алып жатады. Енді алкогольді ішімдіктерді ішу салдарынан азаматтар өз іс-әрекеттеріне жауап бермей, төбелес шығарады, бір-біріне азаматтар дене жараққаттарын келтіру, ұрлық  фактілері де кездесіп жатады. Мысалы ұялы телефондарын ұрлатып алады, ақшаларын ұрлатып алады.

Алматының тыныштығын күнделікті 1500-ға жуық полиция күзетсе, жаңа жыл қарсаңында  бұл сан екі есеге көбейетінін айтады Салтанат Әзірбек. Күшейтілген режимсіз болмайды.

Жаңа жылдық думанға бару, бармау сұрағы туындағанда жұрттың пікірі қақ айырылады үнемі. Әркім шама-шарқына қарайды. Оралдық Нұрлан Сәдір ақшаны корпоративке шашқанша, балаларыма қажетті бір дүние алып берейін деген ойда.

Геотитр: Орал  

Нұрлан Сәдір, БҚО қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі:

Қазір менің  бес балам бар,үйімді жаңа салып жатырмын,бітпеген жерлері баршылық. Қазір  ақша бөліп,корпортативке қатысу, мен үшін ол дұрыс емес болар еді. Мысалы дастарханымнан өзімінің, семьялық отбасымның бюджетінен жырып алып,өз басым 4-5 сағат қыдырып,мысалы сол 10 мың теңгеге арақ  ішіп,шарапсыз тым жақсы дастарханға жетеді.

Ал тағы да бір оралдық Қайырбек Қамалов басқаша көзқараста. Ондай галстуксыз кештерде әріптестеріңді өзгеше қырынан танисың дейді. 

Қайырбек Қамалов,  «Қазгидромет» РМК инженер-метрологы:

Жұмыста тек жұмысқа қарасаң, отырыстарда басқаша қарайсың. Қарым-қатынас өзгереді. Ренжіп жүргендер ренішін айтады, толқып жүргендер толқынысын айтады. Жылына бір келетін мерекені тойлау керек.

Экономикалық қиындықтар, үнемдеу деген ұғым өскемендіктерге жетпеген сияқты. Шығыста мейрамханалар да шығын көріп жатқан жоқ, жұрт та жаңа жылды думандатып жатыр, той кештерін ұйымдастырушыларға сенсек. 

Геотитр: Өскемен

Нұрлан, шоумен:  

Ешқандай қаржылық қиындықтар жаңа жылдық кештерді тойлауға әсер етіп жатқан жоқ. Ещқандай бюджет қиылған жоқ. Ешбір ресторан әртістерінің, мерекелерінің  санын қысқартпады. Тіпті сырттан әртіс әкеліп жатыр.

Геотитр: ТАРАЗ

Блиц

Корпоратив керек, неге керек жоқ. Өмір болғасын керек. Бірақ ысырапшылдық керек жоқ.

Біздің жаңа жылымыз Наурыз. Бұл орыстарда да болмаған. Бұны Петр1 шетелден алып келген.

Биыл корпоратив тойланбайды, экономикалық жағдайға байланысты. Артық шығын деп ойлаймыз. 

Жаңа жылдық ырды-дырдудың «модадан» шығатын кезі келе ме, жоқ па, ол уақыттың еншісінде. Әркімнің өз еркіндегі шаруа екені даусыз. Біреулер үнемдеп жатады, береулер жаңа жылдық ғажайыпқа сеніп, жақсылық күтеді. Қалай дегенмен де кештің ертесінде әріптестеріңіздің бетіне қарауға қысылмасаңыз болғаны...

Айгүл Әдепбай, Самат Орынбаев, «Біздің уақыт».