Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Президенттер келді

AstanaTV
04.06.2016ж. 20:00
1553
Президенттер келді

«Экономикалық интеграцияны көздейтін одақ». Осы мақсатта құрылып, әу баста үш мемлекеттің, бертін келе бес елдің басын біріктірген Еуразия экономикалық одағы  бүгінде толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты. Бұл-осы құрылымға мүше елдердің басшыларының пікірі. Еуразия экономикалық одағына мүше бес елдің президенттері  осы аптада Астанада кездесті. Одақ елдері жетекшілерінің биылғы жылдағы алғашқы бас қосуында тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің  алмасуы сынды қат-қабат тақырыптар қамтылды.