Қостанайда
соңғы 10 күннің ішінде орталықтағы сырғанақтан 20 бала жарақат алған.
Жергілікті дәрігерлер осылай дабыл қағып отыр.
Фазылбек
Темірханов,
Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Соның
біреуі жатып емделіп кетті. Миы
шайқалған деген диагнозбен, жеңіл түрі енді. Қалғандары жеңіл жарақат алғандар, олар да сырттай ем алып жазылып кетті.
Дегенмен алдағы демалыс, мейрам күндері келе жатыр, балалардың қолы бос. Сол
кездері ата-аналар сақ болуы тиіс.
Орталықтағы
сырғанақты қалалық әкімдіктің тапсырысы бойынша «Таза Жол» серіктестігі мұздан
қалаған. Биіктігі 5 жарым, ұзындығы 40 метр. Әкімдік өкілдері сырғанақтың техникалық талаптарға сай
екендігін айтады. «Ауа райының күрт жылынуына байланысты ойылып қалған тұстары
бар. Олқылықты күн суыған кезде қалыпқа келтіреміз», - дейді шенеуніктер.
Батырбек
Жармұхамбетов, Қостанай қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы
бөлімінің сектор инспекторы:
Былтыр
да дәл осындай мұздан сырғанақ болды. Биыл ауа
райы күрт жылынып, кейбір тұстары ойылып қалғаны рас. Содан жарақаттанып
жатқан шығар. Бұл олқылықтарды тек күн
суытқан кезде қалпына келтіреміз.
Заңғар САНАЙ