Ақтау
теңіз портының жұмысы бір қалыпқа түсті. Бакуден келетін паром көлемінің артуы
есебінен жағдай тұрақтанған. Еске салайық, отандық теңіз портында бүгінге
дейін жүздеген жүк көліктері кезегін күтіп қаңтарылып тұрған еді. Керуеннің
тізілуіне паромдардың жетіспеуі себеп болды. Каспийдегі дауыл да жағдайды
ушықтыра түсті. Айта кетерлігі, мұндай табиғат құбылысы соңғы 10 жылда орын
алған ең күшті жойқын дауыл ретінде тіркелді.
Енді жағдай қалыпқа келген соң, жүк көліктері кезегімен кемежайға соғады. Сондай-ақ, барлық құжаттық рәсімдеуден соң, Бакуге бет алады.
Қуандық
Қарасаев, Ақтау теңіз портының атқарушы капитаны:
Бүгін
бізде Әзірбайжан республикасының консулы, Әзірбайжан кеме ісінің өкілі болды.
Барлық сұрақтар шешілді. Туындаған мәселелер толықтай бақылауға алынды. Бүгінде ол жерде 217 ауыр жүк
көлігі қалды.