Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Владимир Путин Түркияға қарсы экономикалық санкциялар пакетіне өзгеріс енгізді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
822
Владимир Путин Түркияға қарсы экономикалық санкциялар пакетіне өзгеріс енгізді

Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қарсы экономикалық санкциялар пакетіне өзгеріс енгізді. 28 қарашада қабылданған қаулыда Ресей басшысы елдегі жұмыс істеп тұрған түрік компанияларына тыйым салған. Енді өзгерістерге байланысты Түркия азаматтарының жеке бизнестері де қара тізімге енді. Владимир Путин сондай-ақ санкцияға ілікпейтін Түркия тауарлары мен қызмет түрлерін бекітті. 

Айта кетейік, Ресей-Түркия қарым-қатынасы Сириямен шекаралас аумақта ресейлік СУ-24 ұшағын түрік әуе күштері атып түсіргеннен кейін салқындады. Анкара Мәскеуден кешірім сұрау түгіл, керісінше, "Ресей әуе кеңістігімізді бұзды" деп НАТО-ға шағымданды. Владимир Путин мұны «ту сыртымыздан соққы беру» деп бағалады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

Алдыңғы жаңалық