$533.61 €621.07 ₽6.78
×

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық бойынша АҚШ валютасы 339 теңге 17 тиынға жетті

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
1080
KASE-дегі күндізгі сауда-саттық бойынша АҚШ валютасы 339 теңге 17 тиынға жетті

Позициясын біршама мығымдап, елді қуантқан төл теңге тағы әлсірей бастады. Бүгін АҚШ валютасының бағамы 340 теңге төңірегінде тұр. KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша шартты бірлік бағамы 339 теңге 17 тиынға жетті. Барлығы 115.2 миллион доллар сатылған.

Ал айырбас пункттерінде көк қағаз 337-341 теңге аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, таңғы сессия қорытындысы бойынша "көк қағаз" құны 4 теңгеге көтерілген еді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ