$498.51 €522.84 ₽4.81
×

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға алғыс білдірді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
846
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға алғыс білдірді

АҚШ мемлекеттік департаменті Ираннан ядролық материал жөнелтудегі ролі үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Әңгіме 11,3 тонна төмен байытылған уран туралы болып отыр. Аталған жүкті тиеген кеме Ираннан Ресейге бағыт алған-ды. Бұл туралы, АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонерге сілтеме жасай отырып, Рейтерс агенттігі хабарлайды.

Дерекке сүйенсек, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа хабарласып, алғысын жеткізген. Ресми өкілдің мәліметінше, Ресейге жеткізілген ядролық материал бірқатар мәселенің шешімін табуына ықпал етпек. Бұл Тегеран мен «алтылық» өкілдері бас қосқан жиында талап етілген  шарттардың бірі болатын. Еске салсақ, «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздер Қазақ жерінде екі рет жүргізілді.

Марк Тонер, АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:

Маңызды шараны жүзеге асыруда бірқатар елдер үлкен рөл атқарды. Осыған орай бүгін Мемлекеттік хатшы қазақстандық әріптестеріне де арнайы хабарласып, алғысын білдірді.