Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ирак премьер-министрі «2016 жылы ДАИШ лаңкестік ұйымы жеңіледі» деді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
1023
Ирак премьер-министрі «2016 жылы ДАИШ лаңкестік ұйымы жеңіледі» деді

2016 жылы ДАИШ террорлық ұйымы жеңіледі, яғни келесі жыл осы оқиғамен тарихта қалуы тиіс. Мұндай пікірді Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади білдірді,- деп хабарлайды Рейтерс. Оның сөзінше, Ирак әскері Анбар ауданындағы Эр-Рамади қаласын содырлардан толық азат еткен. Бірақ соңынан аудан басшысы қаланың 80 пайызы ғана ДАИШ лаңкестерінен тазарғаны туралы мәлімдеді.

Биылғы жылдың үш айында ДАИШ содырлары Ирак пен Сирияның ірі аймақтарын басып алды. Сондай-ақ Солтүстік Африка мен Ливияда билік жүргізуге тырысу әрекеттері байқалады. Түрлі деректерге сай, ДАИШ-тың қол астында 90 мың шаршы шақырымдай жері мен 50 мыңнан 200 мың адамға дейінгі мүшелері бар.

Хайдер әл-Абади, Ирак премьер-министрі:

Егер 2015 жыл Иракты ДАИШ-тан азат ету жылы болса, келер жыл бұл елден ДАИШ-тың ізін жоятын үлкен жеңістер жылы болмақ.