Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ресейлік адвокат қазақстандық қашқын Мұхтар Әблязовті Ресейге алдыру ісі созылуы мүмкін екенін айтты

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
944
Ресейлік адвокат қазақстандық қашқын Мұхтар Әблязовті Ресейге алдыру ісі созылуы мүмкін екенін айтты

БТА банк ісімен 7 жыл айналысқан ресейлік адвокат Роман Марченко Мұхтар Әблязовті экстрациялау шарасы созылуы мүмкін деп отыр. Франция соты қашқын банкирді Ресей сотына тапсыру туралы шешім шығарған. Бірақ бұл Әблязов жақын арада сот алдында жауап береді дегенді білдірмейді. Өйткені экс-банкир экстрадициялауды үш жылдан бері күтіп отыр.

Қорғаушылары Францияның мемлекеттік кеңесіне арызданған. Егер аталған ұйым шешімді сол күйі қалдырса, Әблязовтің адвокаттары Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымдана алады. Осылайша, қашқын банкир уақытты барынша созуға тырысып жүр,- дейді Роман Марченко. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ