Қарағанды
облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты. Экс-шенеунікті
мерзімінен бұрын босату туралы сот шешімі бүгін заңды күшіне енді. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Әбдішев қамауда болған түзету мекемесінің өкілі мәлімдеді.
Гүлбану
Ермекова, Қарағанды облыстық ҚАЖД 159/1 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы:
Әбдішев
Бауыржан Түйтейұлы бүгін мерзімінен бұрын босатылды. Ешбір кідірту болған жоқ.
Аумақтық соттың өкіміне сәйкес қаулы бүгін 6 маусымда заңды күшіне енді.
Бауыржан
Әбдішев бір жарым жыл қамауда отырды. Осы уақыт аралығында экс-шенеунік жақсы
қырынан танылған. Сот оның отбасылық жағдайын да ескерді. Айыпталушының кәрі
анасы мен екі кішкентай ұлы бар. Балаларының бірі - мүгедек. Әйелі үй шаруасында.
Әбдішев «Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды» және «кәсіпкерлік қызметке
заңсыз араласты» деген айыптармен 5 жылға сотталған. Іс қайта қаралып, жазасын
өтеу мерзімі 3 жылға қысқарды. Ал кейіннен Қазыбек би аудандық соты шенеунікті
мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды.
Айжан ҚУАШ