Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Біріктірілген қос техникалық университет оқу ақысын көтермейді

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
1313
Біріктірілген қос техникалық университет оқу ақысын көтермейді

Біріктірілген университеттердің атауы өзгермейді. Жаңа жоғары оқу орны Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті деп аталады. Жаңа университет тізгінін қолға алған ректор Ескендір Бейсембетов «Астана» арнасына берген сұхбатында осылай деді. Айтуынша, қысқы демалыста жүрген студенттер өздері таңдаған мамандық бойынша білімін жалғастырады. Соған сай, өз университетінің дипломын иеленеді. Оқу ақысы да өзгермейді. "Екі техникалық университетті біріктірудегі мақсат - ел экономикасына бейімделген инженерлік-техникалық кадрларды әзірлеу,- деді ректор. Келер жылдан бастап  факультеттер санға емес, сапаға қызмет етеді. Ақпараттық технология мамандықтары бойынша студенттер қабылдау шектеледі. Қазақ-Британ техникалық университетінің факультеттер тізбегінен мұнай-газ, геология, химия бағытындағы салалар шығарылады. Біріктірілген оқу ордасында16 мың студент білім алуда.

Ескендір Бейсембетов, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры:

Алдымызға екі міндет қойып отырмыз. Алғашқысы өндіріске қажетті мамандар даярлау. Ол үшін  студенттердің санына емес сапасына мән бермекпіз. Екіншісі бүгінгі күні елдегі кәсіпорындарды инженерлермен қамтамасыз ету. Осы мақсатта оңтайландыру ісін жүргізіп отырмыз.

Еске салайық, Елбасы тапсырмасына сай Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қазақ-Британ техникалық университеті біріктірілді.  Мемлекет басшысы біріккен ұжымның алдына университет қабырғасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құруды міндет етіп қойды. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды да қадап айтқан болатын.

Айгүл ЕРМАХАН 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық