Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыскерлердің еңбекақысын өсірмейтін болды

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
959
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыскерлердің еңбекақысын өсірмейтін болды

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыскерлерінің еңбекақысын өсірмейтін болды. Кәсіподақ ұйымдарының жалақыны көбейтуді сұрап, жолдаған хаттары басшылық тарапынан қолдау таппады. Бұл туралы «Астана» телеарнасына компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Хатта кеншілер мен металлургтердің жалақы мөлшерін ұлғайтуға қаржылық мүмкіндіктің жоқтығы ашық жазылған. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының еңбек ресурстары мен еңбек қатынастары бойынша директоры Дмитрий Павлов нарықтағы қиындықтарды тізбектеп көрсеткен. Оның мәлімдеуінше, қазақстандық металл өнімдері Қытай мен Ресей тауарларымен бәсекелесе алмай отыр. АҚШ валютасы қымбаттағанымен, темір бағасы арзандап кеткен. Оның үстіне 2015 жылы жұмыскерлердің салғырттығынан көптеген апаттар орын алып, компания қыруар шығынға батқан көрінеді.

Еске салсақ, бір апта бұрын аталған өндіріс ошағының 30 мыңдай жұмыскері жалақыны өсіруді сұрап, кәсіпорын басшылығына хат жолдаған. 

Айжан ҚУАШ