Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Париж мейрамханалары жаңа жылда табыссыз қалуы мүмкін

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
982
Париж мейрамханалары жаңа жылда табыссыз қалуы мүмкін

Францияда мейрамхана иелері шығынға батуда. Жаңа жыл мерекесі де бұл тығырықтан шығуға көмектеспейтін секілді. ТАСС-тың хабарлауынша, париждіктер тапсырыс беруге асықпайды. Себебі халық терактілер тағы орын ала ма деп қауіптеніп отыр.

Франция халқы қараша айында 130 адамның өмірін жалмаған Париждегі жарылыстарды ұмытқан жоқ. Тіпті әлемге әйгілі Moulin Rougeдегі залдар да жаңа жылда толмайтын секілді. Кабаре иесі 1800 орынның мықтағанда 1200-іне ғана адам келеді деп болжап отыр. Мерекені көпшілікпен атап өтуде жергілікті халықтан өзге, АҚШ пен Жапониядан көптеп ағылатын туристер де бас тартқан. Көпшілік орындарға баруға да ешкім құлшынып отырған жоқ. Мәселен, биыл Страсбургтегі мерекелік жәрмеңкені тамашалаған халық саны екі есеге азайыпты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ