Оралда
желтоқсанның алғашқы күні көктайғақпен басталды. Жауын соңы мұзға айналып,
көлік қозғалысы нашарлады. Абайсызда тайып құлап, аяқ-қолын сындырып алғандар
көбейген. Дәрігер көмегіне жүгінгендер, сапарға шығар сәтін күтіп, автобекетте
қаңтарылғандар да аз емес.
Қолайсыз ауа райына байланысты облыстағы барлық
бағыттарға жол жабық. Қалааралық автобустармен қатар, ауыр жүк көліктерінің де
қозғалысы тоқтатылды.
Еркін КАРИН