Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жас жұбайлар балалар үйінде тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлады

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
1162
Жас жұбайлар балалар үйінде тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлады

Шымкентте жас жұбайлар Мейірман мен Сәния той алдындағы серуеннен бас тартып, ата-анасыз қалған бүлдіршіндерге дастархан жайды.

Олар қаптаған той көліктерін жалдап ақшаны босқа ысырап етпеуді жөн көрген. Балалар үйіндегі сәбилердің көңілін табуды жас жігіт үш жылдан бері жоспарлап жүрген екен. Осы арқылы өзгелерге үлгі болсам, - дейді. Әлеуметтік желі пайдаланушылары көпке үлгі болған жас жұбайлардың бұл ісін қолдап, оларға тек бақыт тілеуде.

Мейірман Сауранбек:

Кез-келген адам балалар үйіне барып көмек беріп жатыр. Мүмкін біздің ерекшелік шығар, біздің отбасын жаңадан құрғаннан кейін келіншегіммен ақылдасып, біз өмірімізді жақсы, игі бастамамен бастасақ деген өзіміздің бір жеке ниетіміз, арманымыз болды десек болады. Сол арманымыз жүзеге асып, басымыз бақыттан айналып жүр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ