Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкентте 25 жанармай бекеті бағаны негізсіз көтерген

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1224
Шымкентте 25 жанармай бекеті бағаны негізсіз көтерген

Оңтүстік кәсіпкерлері ымыраластыққа бару арқылы заңсыз пайда тапқан. Шымкентте 25 май құю стансасының бензин бағасын негізсіз көтергені анықталды. Заңсыздықты облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті әшкерелеген. Жанар-жағармай бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталған соң олар осындай қадамға барған көрінеді. Кезінде 108 теңгеден сатып алған бензинді көпшілігі 135 теңгеден сатқан. 

Бекеттер құны арзан мұнай өнімдері таусылғанша бағаны ұстап тұруы тиіс болатын. Қысқасы, Аи-92 және Аи-93 маркілі бензинді қымбат сатқан олар 3 млн теңгеден астам табыс тапқан. Енді заңсыз пайда тәркіленбек. Ал, кәсіпкерлерге 1 млн 400 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазір аталған іс сотқа өткен. Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Таштановтың айтуынша, ымыраласуға жол беру жағдайы ірі компаниялар арасында да кездескен.

Бауыржан Таштанов, ОҚО ТМР және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

«Синойл», «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» - олар Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметтерін жүзеге асыруына байланысты, бұларға комитет тарапынан тергеу жүргізілген болатын. Қазіргі таңда тергеу  қорытындысы бойынша сотқа материалдар өткізілген. Ол жерде 200 миллионнан жоғары әкімшілік айыппұл және монополиялық табысы алу қаралуда.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ